Курортология және медициналық оңалту ғылыми-зерттеу институтының шығармашылық бастамалары балалардың денсаулығын қалпына келтіруге көмектеседі

2024 жылы ҚР ДСМ курортология және медициналық оңалту ҒЗИ 15 балалар ауысымын өткізу жоспарлануда, оған 1740 балалар мен жасөспірімдер қатыса алады. Институт ғылыми мамандарының зерттеулеу жұмыстарының нәтижесінде балаларды оңалту курсының ұзақтығы 45 күннен 21 күнге қысқарды. Бұл өткен жылғы 9 ауысыммен салыстырғанда, емдеу мен оңалтуды қажет ететін бронх-өкпе патологиясы бар балаларды қамтуды екі есеге арттыруға мүмкіндік береді.

Әр аусымның өз атауы бар және ол жеке сауықтыру-білім беру бағдарламасы бойынша өтеді. Бұл бағдарламалардың мақсаты – балаларға оңалту курсын денсаулық пен даму үшін пайдалы өткізуге көмектесу. Бағдарламалар аясында балалар санаторий-курорттық ем алып қана қоймай, жаңа бір нәрсені үйренеді, спортпен шұғылданады, өздерінің шығармашылық қабілеттері мен көшбасшылық қасиеттерін дамытады.

Мысалы, «Ертегілер әлемінде» деген атаумен басталған жаңа жылдың бірінші ауысымы медициналық оңалту мен емделуді қажет ететін жас науқастарға арналған. Ауысымға қатысушы балалардың әр күні жарқын эмоцияларға толы, бұл олардың денсаулықтарын физикалық қалпына келтіріп қана қоймай, сонымен қатар жас науқастардың психологиялық әл-ауқатына қажетті жағымды эмоционалды әсерді тудырады.

Сондай-ақ, бұл институтта күнделікті тәжірибеде қалыптасқан, шығармашылық бастамалардың балаларды емдеу және денсаулығын қалпына келтіру үдерісіне оң әсер ететіндігінің мысалы.

Биылғы басқа балалар ауысымының атаулары: «Білімге құштар», «Көктем жұлдыздары», «Наурыз мейрамы», «Бірлікте жаркыраймыз», «Спорт және мәдениет», «Қош келдің, жайдары жаз!», «Инновацияның бастауы», «Жұлдызды калейдоскоп», «Оқұға құштар», «Шығармашылық шоқжұлдызы», «Достар әлемінде», «Батылдықтың бастамасы» және «Тәуелсіз Қазақстанның балалары».

Әрбір ауысым атауының шығармашылық бағыты бар, бұл институттың шығармашылық бастамалары балалардың емделуіне және денсаулығын қалпына келтіру процесіне оң әсер тигізетінің дәлелі.

Осылайша, балалар ауысым барысында уақыттарын пайдалы және тиімді өткізе отырып, үйлеріне денсаулықтарын ғана түзеп қоймай, сонымен қатар көптеген жағымды эмоциялармен оралады.

ҚР ДСМ курортология және медициналық оңаулыту ҒЗИ халықтың денсаулығын сақтаудағы өз ісін жалғастыруда.

ҚР ДСМ курортология және медициналық оңаулыту ҒЗИ
Баспасөз қызметі


Жарияланды: 17.01.202409:56

Автор: