Емделушілер үшін ақпарат
Емделушілердің келесі құқықтары бар:
– емделушілердің жеке өміріне қол сұғылмау құқығын сақтау негіздінді лайықты медициналық қызметке, қызметкерлер жағынан сыпайы және ілтипатты қарым-қатынасқа;
– олардың денсаулық жағдайы және емделуімен байланысты ақпараттың құпиялылығын сақтауға.
Емделушілердің сонымен қатар осындай құқықтары бар:
– қызмет көрсететін медицина қызметкерінің есімін, мамандануын және лауазымын білуге;
– ауруы бойынша ұсынылған емдеу туралы түсінік алуға, күтілетін пайдасы мен ықтималды тәуекелін қоса алғанда, сондай-ақ басқа да әдістерді қолдану мүмкіндігі туралы ақпаратты білуге;
– жазбаша түрде ресімдей отырып ресми өкілін (сенімді тұлға) уәкілетті тұлғасын тағайындауға, емделушімен келісілген жағдайында, медициналық қызмет көрсетумен келісу немесе бас тартуға;
– медициналық картаның оның көшірмесін қоса алғанда мәліметтерін алуға;
-өз бастамасы бойынша, өз есебінен және өз жауапкершілігімен, медициналық қызметкерлердің келісімі бойынша дәрігер-маманның қосымша қорытындысын алуға;
– емделушінің құқықтары бойынша жауапты қызметкеріне кеңеске жүгінуге.
Емделушілердің және олардың ата-аналарының міндеттері:
– өзінің денсаулық жағдайы және оған қатысы бар құжаттар туралы медициналық қызметкерлерге мүмкіндігінше толық және дәл ақпаратты беруге;
– денсаулық жағдайының кез келген өзгерістері туралы хабарлауға ;
– емдеу барысында медициналық қызметкерлермен ынтымақтасуға;
-емделушінің сенім білдірген тұлғаның (сенім білдірген тұлға 18 жасқа толған/егер емделуші 18 жасқа толмаған жағдайда) емдеу шарттары ретінде келісім немесе жазбаша келісім беруге
– оңалту орталығының ережелеріне сәйкес өзін өзі ұстау: бару сағаттарын және бөлмелер тазалығын сақтауға, сондай-ақ, тыйым салынған жерлерде ұялы телефонмен қолдануға;
– оңалту орталығының аумағында темекі шекпеуге (бұл ереже заңнамалық тәртіппен бекітілген);
– оңалту орталығының басқа емделушілердің құқықтарын сақтауға, оларға және олардың мүлкіне құрметпен қарауға;
– медициналық қызметкерлерді құрметтеуге және барлық нұсқауларын орындауға;
– емдеудің үздіксіздігі және бірізділігі үшін қолында үзіндісі туралы құжатымен емхананың емдеуші дәрігеріне белгіленген мерзімде баруға.
Бару сағаттары:
Бару (ата-аналарды қоспағанда) күн сайын сағат 19.00-ге дейін.