Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің «ҚР ДСМ «Бурабай» Республикалық оңалтуорталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның директоры лауазымына конкурстық іріктеу өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің  «Бурабай» Республикалық оңалту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Байқау кеңесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің  «Бурабай» Республикалық оңалту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры бос лауазымына (бұдан әрі – Басшы) конкурс (бұдан әрі – конкурс) жариялайды.

Конкурстың өтетін күні: ресми бұқаралық ақпарат құралдарында немесе тиісті саланың уәкілетті органының интернет-ресурстарында жарияланғаннан кейін күнтізбелік он бес күн өткен соң.

Конкурстың өтетін орны:Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 18, Министрлік үй, 5 кіреберіс, 1036 кабинет.

Кәсіпорынның атауы: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Бурабай» Республикалық оңалту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі – Кәсіпорын).

Кәсіпорынның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 021708, Бурабай кенті, Бурабай ауданы, Кенесары көшесі, 1 , телефоны 8(71636)71146,  8(71636) 72157, электрондық мекен-жайы: e-mail:sanborovoe@mail.kz

Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: белсенді емес фазадағы туберкулезді қоса алғанда, өкпе жүйесінің бронх аурулары бар науқас балалар мен жасөспірімдерді (10 жастан 18 жасқа дейін) оңалту, сондай-ақ толық ремиссия фазасындағы және демеуші ем аяқталғаннан кейінгі онкогематологиялық аурулар; Белсенді емес фазадағы туберкулезді қоса алғанда, өкпе жүйесінің бронх ауруларымен 18 жастан асқан науқастарды оңалту.

Кәсіпорын директорының негізгі лауазымдық міндеттері:

  • Денсаулық сақтау (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет) ұйымдарындағы өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметтерді басқарады, қабылданған шешім, мүліктің сақталуы және тиімді пайдаланылуы, сондай-ақ оның қызметінің қаржылық-шаруашылық нәтижелері үшін толық жауап береді.
  • Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетіктерін анықтайды.
  • Мемлекеттік стандарттарға сай болуы үшін көрсетілетін диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған қызметкерлер жұмысын ұйымдастырудың нысаны мен әдістерін жаңадан енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді.
  • Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылдарын қамтамасыз етеді, олардың іс-қимылдарын көрсетілетін медициналық қызметтерді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды.
  • Білікті кадрлардың өз кәсіптік білімдері мен тәжірибелерін ұтымды пайдалануына, өмір мен денсаулыққа қауіпсіз еңбек жағдайын құруға, ұжымда қолайлы психологиялық ортаны қалыптастыру үшін шаралар қабылдайды.
  • Ұйым қызметінің талдауы және оның жұмыс көрсеткіштерінің бағасы негізінде ұйым жұмысының нысаны мен әдісін жақсартуға арналған қажетті шараларды қабылдайды.
  • Әлеуметтік әріптестік принциптерінің негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбекке ынтасын, бастамасын және белсенділігін дамытуға ықпал етеді.
  • Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды зерделеу және бағалау жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді, адам денсаулығына қолайсыз әсер ететін басым факторларды анықтайды. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға арналған пәрменді шараларды қабылдайды. Гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуді, санитариялық ережелер мен нормаларды және гигиеналық нормативтерді сақтауды оперативті және зертханалық-аспаптық бақылау мен қадағалауды ұйымдастырады.
  • Ұйым қызметінде, сондай-ақ қаржылық-шаруашылық басқару үшін құқықтық құралдарды пайдалану, шарттық және қаржылық тәртіпті бекіту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелеріне қатысты заңдылықты сақтауды қамтамасыз етеді.
  • Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау мен жұмыстан шығаруды жүзеге асырады.
  • Жеке және заңды тұлғалармен шарт жасасады, мәміле жасайды.
  • Өз құзырына қатысты мәселелер бойынша барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады.
  • Мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта ұйымның өкілі болады.
  • Медициналық этиканың орындалуын, ішкі еңбек тәртібінің, құралдарды, жабдықтарды және тетіктерді техникалық пайдаланудың талаптарын, еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді.
  • Ұйымның уақытында есеп беруін қамтамасыз етеді.

Білуі керек: Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық, қаржылық-экономикалық қызметін регламенттеуші мемлекеттік органдардың заңнамалық және өзге нормативтік құқықтық актілерін, оның ішінде: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау мәселелеріне арналған нормативтік құқықтық актілерді, халық денсаулығы жағдайының статистикасын, халық денсаулығының жағдайын сипаттайтын өлшемдер мен көрсеткіштерді, медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасын, отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктерін, денсаулық сақтауды басқару жүйесі мен денсаулық сақтауды ұйымдастырудың теориялық негіздерін, халық үшін санитариялық ағартуды, гигиеналық тәрбиелеуді және салауатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастыруды, адамның өмір сүру ортасының факторларын, денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлық-экономикалық және қаржылық қызметтерінің негіздерін, қызметкерлердің еңбекақысын төлеу жүйесінің негіздерін, еңбек заңнамасы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

медицина саласындағы жоғары білімінің;

«Қоғамдық денсаулық сақтау»/ «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандықтары бойынша жоғары/бірінші біліктілік санатының болуы немесе экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында екінші жоғары білімінің болуы немесе «Қоғамдық денсаулық сақтау»/ «Денсаулық сақтау менеджменті»/ «Менеджмент» немесе «Медицина» (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуды аяқтаған адамдар үшін)/ «Бизнес әкімшілендіру», «Іскерлік әкімшілендіру», «Экономика», «Қаржы және кредит» мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы немесе ғылыми дәрежесінің/ PhD докторы дәрежесінің болуы;

Денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл еңбек өтілінің болуы;экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында жоғары білімінің және «Қоғамдық денсаулық сақтау» немесе «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы;

денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл еңбек өтілінің болуы.

Соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес белгілі бір лауазымға тұру немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан айырылған азаматтарменеңбек шартын жасасуға жол берілмейді;

Жұмысқа орналасуға рұқсат етілмейді:

  • сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамның шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға, ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық даму институттарына, ұлттық холдингтерге және ұлттық компанияларға, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдарына басқарушылық функцияларды орындаумен байланысты лауазымға жұмысқа орналасуына жол берілмейді;
  • адам өлтіргені, денсаулыққа қасақана зиян келтіргені, адамдардың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауда жүрген немесе қудалауда болған адамдарға (Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда) білім беру ұйымдарында, тәрбиелеу және дамыту, демалу мен сауықтыруды ұйымдастыру, дене шынықтыру және спорт, медициналық қолдау, әлеуметтік қызмет көрсету, мәдениет және өнер саласында кәмелетке толмағандар қатысатын ұйымдарда жұмысқа орналасуға жол берілмейді;

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардан құжаттарды қабылдау басталатын және аяқталатын күн:ресми бұқаралық ақпарат құралдарында немесе тиісті саланың уәкілетті органының интернет-ресурстарында жарияланғаннан кейін күнтізбелік он бес күн ішінде.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтарконкурс туралы хабарландыруда көрсетілген мерзім ішінде келесі құжаттарды ұсынады:

  • конкурсқа қатысуға өтініш;
  • еркін түрде жазылған өмірбаян;
  • білім туралы құжаттардың көшірмелері;
  • еңбек кітапшасының (егер бар болса) немесе еңбек шартының көшірмесі, еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді-көшірме немесе жұмыс өтілін растайтын басқа да құжат;
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы «Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) 086/у үлгідегі медициналық анықтама;
  • Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінен сотталмағандығы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін конкурс жариялаған Кәсіпорынға, хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекен-жайына, құжаттарды электронды түрде тапсырады.

Құжаттардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурсқа қатысушы  біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпаратты күнтізбелік он бес күннің ішінде бере алады.