🌟КУРОРТОЛОГИЯ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҢАЛТУ ҒЗИ «БІЛІМГЕ ҚҰШТАР» АТТЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА АУЫСЫМ АШЫЛДЫ

2024 жылдың 6 ақпанында ҚР ДСМ курортология және медициналық оңалту ҒЗИ-да медициналық оңалту мен емдеуді қажет ететін жас науқастарға арналған «Білімге құштар» атты жаңа ауысымның ашылу шарасы өтті.
Ауысым балалардың денсаулығы мен әлеуметтік бейімделуіне арналған институттың кешенді бағдарламасының бөлігі болып табылады.
Іс-шара институт әкімшілігінің құттықтау сөздерімен, сәттілік және тезірек сауығып кетуін тілеумен басталды. Содан кейін балалар мен қонақтарға сауықтыру орталығының қызметкерлері дайындаған түрлі концерттік қойылымдар ұсынылды.
Қызықты қойылымдарға балалармен бірге ұстаздар мен тәрбиешілер де белсене қатысып, жылы шырай танытты.
«Білімге құштар» ауысымының ашылуы қызықты және танымдық іс-шаралар тізбегін бастап, жас емделушілердің өміріндегі маңызды оқиға болды.
ҚР ДСМ курортология және медициналық оңаулыту ҒЗИ халықтың денсаулығын сақтаудағы өз ісін жалғастыруда.
ҚР ДСМ курортология және медициналық оңаулыту ҒЗИ
Баспасөз қызметі

Жарияланды: 21.02.202408:59

Автор: