ҚР ДСМ КУРОРТОЛОГИЯ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҢАЛТУ ҒЗИ-да ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ
2023 жылдың 13 желтоқсанында ҚР ДСМ курортология және медициналық оңалту ҒЗИ-да қызметкерлерге өрт қауіпсіздігі нұсқауларын зерделеу бойынша семинар өткізілді. Дәрісті Азаматтық қорғаныс подполковнигі, Ақмола облысы Бурабай ауданының төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы – Ерлан Құсайынов жүргізді.
Іс-шараға қатысушылар төтенше жағдайлар кезінде, атап айтқанда, өрт кезінде шұғыл шаралар қабылдау, тұрғындарды эвакуациялау, сондай-ақ алғашқы өрт сөндіру құралдарын дұрыс және тиімді пайдалану және т.б.сұрақтарды талқылады.
«Біздің басты мақсатымыз – науқастардың  денсаулығын қалпына келтіруін қамтамасыз ету. Біздің барлық әрекеттеріміз барынша жайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған», – деп атап өтті институттың еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженері Азамат Мырзахметов.
ҚР ДСМ курортология және медициналық оңалту ғылыми-зерттеу институты халық денсаулығын сақтау бойынша өз қызметін жалғастыруда.
ҚР ДСМ курортология және медициналық оңалту ҒЗИ
баспасөз қызметі

Жарияланды: 13.12.202317:36

Автор: