Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша отырыс.

«Бурабай» РОО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Кулушева Гулнар Ережеевна төрағалығымен отырыс өтті.

Қатысқандар:

Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюро департаментінің өкілі Рамазанов Жанайдар Талгатович

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің өкілі Турубаев Медет Хамитуллаевич

Отырысқа «Бурабай» РОО қызметкерлері қатысты

ҚР ДСМ «Бурабай» РОО ШЖҚ РМК директоры Кулушева Гулнар Ережеевна сәлемдесу сөзін сөйледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, алдын алу шаралары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәселелері қозғалды.

Бұдан әрі Ақмола облысының мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің өкілі Турубаев Медет Хамитуллаевич пен Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюро өкілі Рамазанов Жанайдар Талғатович сөз сөйледі.


Жарияланды: 07.12.201808:12

Автор: