Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара

2018 жылдың 14 желтоқсанында «Бурабай» РОО Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Құттықтау сөзімен директордың орынбасары Ниязова Шолпан Сейфуллична сөз сөйледі.

Сіздерді шын жүректен келе жатқан Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!

Бұл күн біздің мемлекетіміздің даму тарихындағы басты белесіне айналып, Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігінің символы болып табылады.

Мемлекеттік тәуелсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің және қазақстандықтардын рухани әл-ахуалының, өз күшіне, қуатына сеніп, бар мақсаттарын жүзеге асыруының, Қазақстандағы ұлттық келісім мен тыныштықтын кепілі.

1991 жылы Тәуелсіздікке қол жеткізген Қазақстан өз тарихының барлық барысын анықтады, өзінің кішкентай ғана тарихи кезеңінде демократиялық, құқықтық және экономикалық тәуелсіз мемлекет құра алған, Қазақстанның басты байлығы, алға жылжудағы абыройы мен әлеуеті Қазақстан халқы болып келеді.

Осы мереке көп ұлтты Қазақстан халқының тағы бір отансүйгіштігінің жаркын куәсі болсын! Сіздің әрбір күніңіз жемісті, ал әрбір ісіңіз біздің еліміздің жарқын болашағының берік кепілі болсын! Біздің Отанымыз – Тәуелсіз Қазақстан өркендей берсін!

Осы күн қарсаңында сіздерге шын жүректен зор денсаулық, бейбітшілік пен келісім, отбасыларыңызға табыс және бақыт тілеймін!