«Балдәурен» РОСО жұмыс сапары Республикалық семинарға қатысу

06.05.2014 жылы оңалту орталығының қызметкерлер тобы құрамына дәрігерлер, педагогтар, тағамхана қызметкерлері – барлығы 8 адам, «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында болды.

“Балдәурен” оқу-сауықтыру орталығының қызметкерлерімен экскурсия өткізілді, содан кейін біздің жұмыс тобының мүшелері , әр түрлі кешендердің қызметімен танысты: оқу-білім, тәрбие, медициналық, дене шынықтыру-сауықтыру, қоғамдық тамақтанумен. Мында балалар үшін оқуға және тұруға қазіргі заманғы жағдайлар қарастырылған.

Әсіресе, бізге, мектеп мұғалімдеріне «Балдәурен» мектебі қатты әсер етті, барлық оқу кабинеттері интерактивті тақталармен, тест құрылғылармен, интернетпен, қажетті демонстрациялық материалдармен жабдықталған. Осының барлығы, мұғалімге сабақта презентацияларды, фильмдерді, флипчарттарды пайдалана отырып, шығармашылықпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Оқу бөлімінде, бізді мектеп жұмыс тәртібімен, ауысымдардың жұмыс жоспарларымен таныстырды.

13 мамыр күні «Балдәурен» РОСО «Инклюзивті білім – барлығы үшін қол жетімді білім» халықаралық қатысуымен Республикалық ғылыми-практикалық семинар (семинардың бағдарламасы қоса беріліп отыр) өтті. ҚР ДСМ “Бурабай” Республикалық оңалту орталығы” ШЖҚ РМК қызметкерлерімен қатысуға өтінім берілді және семинардың жұмысында қатысты:

1. Д.Т. Шахметова– емдеу ісі жөніндегі директордың орынбасары
2. К.Ж. Жакутова – педиатр дәрігер
3. С.К. Алимбекова – оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары
4. С.К. Ерубаева – мұғалім
5. Г.А. Султанова – педагог-психолог
6. Г.К. Уалиева – кітапханашы
7. С.Ш. Танатарова – аға тәрбиеші
8. А.К. Сыздыкова – тәрбиеші
9. Н.М. Ким – тәрбиеші
10. Н.И.Каратаева – тәрбиеші

Семинардың бағдарламасына сәйкес орталық қызметкерлері семинардың ашылуына, пленарлық отырыста, №2, №3 секцияларының жұмысына, семинардың салтанатты жабылуына қатысты.

№3 секциясы жұмысы уақытында орталық қызметкерлерінен жарыссөзде педагог-психолог Г.А. Султанова сөз сөйледі.