Қазақстандық ғылымды дамытудың сын-қатерлері мен басымдықтары

Published by : Еркежан

2024 жылғы 12 желтоқсанда Алматыда ҚР Президентінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы ұйымдастырған «Қазақстандық ғылымды дамытудың сын-қатерлері мен басымдықтары» халықаралық форумы өтті.

Форумның мақсаты - 2027-2030 жылдар кезеңіне Қазақстанның ғылыми және технологиялық дамуының басым бағыттарын анықтау, сондай-ақ Академия орындаған форсайт-зерттеулердің нәтижелерін ұсыну.Іс-шараға Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығы вице-министрлері, ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің төрағасы, РҒА президентінің орынбасары бастаған Ресей Ғылым академиясының (РҒА) делегациясы,KISTI институтының Президентін қоса алғанда, Оңтүстік Кореяның жетекші ғалымдары, ҚР ҰҒА академиктері, Қазақстанның ЖОО, ғылыми-зерттеу институттары мен ірі технологиялық ұйымдарының басшылары және басқа елдердің, бизнес және индустрия өкілдері, сондай-ақ тәуелсіз сарапшылар қатысты.

Форумға қатысушылардың арасында ҚР ДСМ Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ директорының ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Қанат Текебаев және ғылыми зерттеулер басқармасының басшысы Бауыржан Мадина болды.Форумның негізгі тақырыптары Қазақстанның 2027-2030 жылдарға арналған ғылыми және технологиялық даму басымдықтарын талқылауды қамтыды. Іс-шара бейінді министрліктер өкілдерінің, жетекші ғалымдар мен сарапшылардың өзара іс-қимылы үшін тұғырнамаға айналды.

Қатысушыларға ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов құттықтау сөз сөйледі. Ол форумның қазақстандық ғылымның стратегиялық басымдықтары мен сын-қатерлерін талқылау алаңы ретіндегі маңыздылығын атап өтті.

ЖОО ғылымын дамытуға ерекше көңіл бөлінді:«Медицина университеттерінде стартап-жобалар үшін ғылыми-зерттеу институттары, технопарктер, зертханалар, коммерцияландыру офистері құрылуда. Шетелдік әріптестермен ынтымақтастық географиясы кеңеюде, бизнес-құрылымдар тартылуда, ғылым қорлары мен эндаумент-қорлар құрылуда», - деп атап өтті Тимур Мұратов.

Форумның шеңберінде 30-дан астам сессия мен ғалымдармен, кәсіпкерлермен және мемлекеттік қызметшілермен сұхбаттарды қамтитын форсайт-зерттеулердің нәтижелері ұсынылды. Нәтижесінде 200-ден астам перспективалы ғылыми міндеттер бөлінді. Зерттеулер ақпараттық және ғарыштық технологиялар, өмір және денсаулық туралы ғылым, агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы, экология және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, геология және жаңа материалдар, энергетика және машина жасау сияқты бағыттарды қамтыды.

Биомедицина мен IT-де жаңа технологияларды енгізудің этикалық аспектілеріне, сондай-ақ ғылым мен бизнесті интеграциялау мәселелеріне ерекше назар аударылды.Форумның шеңберінде бірқатар ынтымақтастық туралы меморандумдарға, соның ішінде

ҚР ДСМ Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ мен Мәскеу қаласындағы «Мәскеу қаласының Денсаулық сақтау департаментінің С.И. Спасокукоцкий атындағы Мәскеу медициналық оңалту, қалпына келтіру және спорттық медицина ғылыми-зерттеу орталығы» мемлекеттік дербес Денсаулық сақтау мекемесінің арасында қол қойылды.

Ынтымақтастық медициналық оңалту, курорттық-оңалту индустриясында физикалық емдеу әдістері мен табиғи факторларды терапиялық қолданудың ғылыми негізделген әдістемелерін әзірлеу, курорттық-санаторийлік секторда табиғи ресурстарды пайдаланудың инновациялық әдістерін әзірлеу, бірлескен ғылыми форумдарды ұйымдастыру және өткізу, диссертациялық және ғылыми-клиникалық кеңестерде өкілдік ету, ғылыми ақпарат алмасу мен тағы басқаларды қамтиды.

Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ Қазақстанда ғылым мен инновациялардың дамуына ықпал ете отырып, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруда.

Dec. 13, 2024, 6:49 p.m.