25 қазан – Республика күні!
Опубликовано: Милана
Құрметті отандастар! ҚР ДСМ Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ сіздерді мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасы күнімен құттықтайды! 1990 жылғы 25 қазанда тәуелсіз мемлекет тарихындағы жаңа кезеңнің басталуын белгілеген Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл оқиға ұлттық бірліктің, халқымыздың еркіндікке, даму мен өркендеуге деген ұмтылысының символына айналды. Еліміздің барлық азаматтарына зор денсаулық, амандық, бейбітшілік пен ауызбіршілік, ал біздің Отанымыздың мемлекеттілігінің, тұрақтылығы мен қарқынды дамуының одан әрі нығая беруін тілейміз!
28 октября 2025 г. 16:08
