Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Курортология және медициналық оңалту ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны мынадай бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
- Фармацевт
- Медбике
- Табиғи ресурстарды сынау және сараптау басқармасының бас маманы
- Табиғи ресурстарды сынау және сараптау басқармасының маманы
- Ішкі аудит қызметінің маманы
Конкурсты өткізу орны: Конкурсқа жіберілген кандидаттар Астана қаласы, Достық көшесі, 13/3, 5 қабат мекенжайы бойынша әңгімелесуден өтеді.
Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:
- Белсенді емес түрдегі туберкулезді, сондай-ақ толық ремиссия кезеңінде және демеуші ем аяқталғаннан кейін онкогематологиялық ауруды қоса алғанда, бронх-өкпе жүйесі аурулары бар науқас балалар мен жасөспірімдерді (10 жастан 18 жасқа дейін) оңалту. Белсенді емес түрдегі туберкулезді қоса алғанда, бронх-өкпе жүйесі аурулары бар 18 жастан асқан науқастарды оңалту.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Фармацевт:
«Фармация» мамандығы бойынша техникалық және кәсіби білім (орта кәсіби немесе жоғары), «Фармация» сертификаты
Медбике:
1) «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта, жоғары) медициналық білімнің болуы;
2) мамандық бойынша сертификаттың, «Физиотерапия негіздері. Электрмен емдеу» тиісті мамандық бойынша курстан өткені туралы куәліктің болуы;
3) медициналық өтілі 1 жылдан кем емес.
Табиғи ресурстарды сынау және сараптау басқармасының бас маманы:
1) Жоғары кәсіптік білім, кәсіптік қызмет бейіні бойынша кәсіптік қайта даярлау;
2) кәсіби қызмет бейіні бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Табиғи ресурстарды сынау және сараптау басқармасының маманы:
1) Жоғары кәсіптік білім, кәсіптік қызмет бейіні бойынша кәсіптік қайта даярлау;
2) кәсіби қызмет бейіні бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Ішкі аудит қызметінің маманы:
1) жоғары кәсіби экономикалық немесе заңгерлік білімі, аудит саласында қосымша арнайы даярлығы және кемінде 3 жыл бухгалтерлік жұмыс өтілі болуы;
2) орта кәсіби, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі (экономикалық) білімі, аудит саласында қосымша арнайы даярлығы және кемінде 5 жыл бухгалтерлік жұмыс өтілі болуы тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін келесі тұлғалар қабылданбайды:
Конкурсқа қатысу үшін келесі тұлғалар қабылданбайды:
-он сегіз жасқа толмаған;
-- бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаған;
-- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
- конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
- еркін нысанда жазылған өмірбаян;
- білім туралы құжаттардың көшірмелері;
-еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының көшірмесі немесе соңғы жұмыс орнынан еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірме;
- денсаулық жағдайы туралы анықтама (086/у).
Конкурсқа қатысушы өзінің білімінің кәсіптік даярлық деңгейіне, жұмыс өтіліне, кәсіптік даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан басшылықтан ұсынымдар және т.б.) ұсына алады.
Құжаттар Астана қаласы, Достық көшесі, 13/3, 5 қабат мекенжайы бойынша ресми бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жарияланғаны туралы күннен бастап күнтізбелік 15 күннің ішінде ұсынылуы тиіс. Анықтама телефоны: 8-707-238-42-00