Құрметті отандастар! Сіздерді Отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Жарияланды: Марлан
Отбасы – біздің тірегіміз, күш пен шабыт көзі. Жақын адамдардың қасында біз қолдауды, сүйіспеншілікті және қамқорлықты табамыз. Әрбір отбасы мүшесінің денсаулығы оның әл-ауқатының кепілі.
ҚР ДСМ курортология және медициналық оңалту ҒЗИ әрбір қазақстандық отбасының дені сау, бақытты болуы үшін аянбай еңбек етуде.Біз аурулардың алдын алуға және денсаулықты қалпына келтіруге бағытталған қызметтердің кең спектрін ұсынамыз. Күн сайын отандық курорттық индустрияны жақсарту үшін жұмыс жасаймыз, осылайша біздің шипажайлар сіз демалатын, денсаулығыңызды жақсартатын және отбасыларды одан да жақсы біріктіретін орынға айналуына ат салысамыз.
Баршаңызға зор денсаулық, отбасылық бақыт, ұзақ ғұмыр тілейміз!
Құрметпен,
ҚР ДСМ курортология және медициналық оңалту ҒЗИ директоры
Саягүл Қайыргелдина

Қыр. 8, 2024, 3:24 Т.Қ.