«Қазақстан Республикасында медициналық туризмді дамыту» халықаралық конференциясы

Жарияланды: Милана

2025 жылғы 24–26 қыркүйек аралығында Ақтау қаласында Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Қазақстан Республикасындағы медициналық туризмді дамытуға арналған алғашқы Халықаралық конференциясын өткізді.

Конференция жұмысына әлемнің әртүрлі елдерінен келген медициналық агенттер қатысты. Іс-шара отандық денсаулық сақтау жүйесінің экспорттық әлеуетін ілгерілету және кіру медициналық туризмінің тұрақты жүйесін қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік бастаманы жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды.

Медициналық туризм мен санаторий-курорттық емдеуді дамыту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. ҚР ДСМ Курортология және медициналық оңалту ғылыми-зерттеу институтының директоры Саягүл Қайыргелдина панельдік сессияда «Қазақстан санаторийлерінің мысалында курорттық аймақтарды дамыту» тақырыбында баяндама жасады.

Сапар аясында Денсаулық сақтау вице-министрінің және Маңғыстау облысындағы медициналық ұйымдардың басшыларының қатысуымен кеңес өтті. Онда медициналық туризмнің перспективалары және өңірдегі санаторий-курорттық саланы дамыту мәселелері талқыланды.

Институт делегациясы бірқатар туристік және сауықтыру нысандарын, соның ішінде «Нұр», «Сая» және «Шағала» санаторийлік орталықтарын аралады. Инфрақұрылымдарға баға беріліп, кеңестік-әдістемелік көмек көрсетілді.

Қыр. 29, 2025, 4:41 Т.Қ.