27 қыркүйек - Дүниежүзілік туризм күні
Жарияланды: Милана
27 қыркүйек - Дүниежүзілік туризм күні
Бүгінде бүкіл әлемде 1979 жылы Дүниежүзілік туристік ұйым (UNWTO) құрған Дүниежүзілік туризм күні атап өтілуде. Бұл күн туризмнің мәдени алмасу, экономиканы дамыту және халықаралық ынтымақтастықты нығайту факторы ретіндегі маңыздылығын атап көрсетеді.
Санаторийлік-курорттық сала мен медициналық туризм Қазақстан үшін ерекше маңызға ие. Біздің табиғи ресурстарға бай шипажайларымыз медициналық оңалту, алдын алу және денсаулықты қалпына келтірудің заманауи әдістерін ұсына отырып, демалыс пен сауықтыруды біріктіреді. Минералды бұлақтар, емдік балшықтар, ерекше климаттық жағдайлар денені емдеуге және нығайтуға қолайлы мүмкіндіктер жасайды.
Қазақстан шетелдік қонақтарға сапалы медициналық қызметтерге қолжетімділікті ұсына отырып, медициналық туризмді белсенді дамытуда. Пациенттер заманауи технологиялар мен курорттық медицина дәстүрлерін біріктіретін жағдайларда диагностикадан, емдеуден және қалпына келтіруден өтуі мүмкін.
ҚР ДСМ Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ
Баспасөз қызметі
🌐 www.burabay-mzrk.kz
📧 пpress.niikurortology@gmail.comәп

Қыр. 27, 2025, 5:59 Т.Қ.