Оңтүстік Кореяға жұмыс сапары

Жарияланды: Милана

2025 жылғы 7-13 қыркүйек аралығында ҚР ДСМ Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ директоры Саягүл Қайыргелдина мен сарапшы дәрігер Лилия Ғизатулина жұмыс сапары шеңберінде Оңтүстік Корейға барды. Делегация Корей Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі, Корей медицинасын дамыту ұлттық институты (NIKOM), Корей қоры және Корей–Орталық Азия ынтымақтастық форумының хатшылығы ұйымдастырған дәстүрлі Корей медицинасы бойынша оқу бағдарламасына қатысты.

Бағдарлама барысында қазақстандық мамандар ашылу салтанатына қатысып, Сеулдің жетекші клиникалары мен зерттеу орталықтарына барды, сондай-ақ дәстүрлі Корей медицинасының тәжірибелерімен және оңалту саласындағы озық технологиялармен танысты. Негізгі оқиға «Корей медицинасы жасанды интеллектіні қарсы алады» халықаралық симпозиумы болды. Сонымен қатар, делегация Корей медицинасын дамыту ұлттық институтына (NIKOM), Дэгу Хаани дәстүрлі медицина университетіне және GMP орталығына барды.

Бағдарлама дәстүрлі медицина саласындағы ынтымақтастық пен зерттеулерді дамыту мәселелеріне арналған дөңгелек үстелмен, саясат, білім және клиникалық практика туралы дәрістермен, сондай-ақ қатысушыларға сертификаттар табыстаумен аяқталды.

Сапар тәжірибе алмасу, оңалту саласындағы озық технологияларды талқылау, дәстүрлі медицина практикасымен танысу және денсаулық сақтау саласындағы халықаралық байланыстарды нығайту үшін маңызды алаңға айналды.

Қыр. 18, 2025, 1:23 Т.Қ.