"Демалушының пікірі" айдары

Жарияланды: Милана

«Пациент пікірі» айдары аясында ҚР ДСМ Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ филиалы «Бурабай» емдеу-сауықтыру кешенінде демалған емделуші өз әсерімен бөлісті.

Пациент медициналық персоналдың кәсібилігіне, ілтипаттылығына және мұқият қатынасына алғысын білдірді. Құрбан айт мерекесін ұйымдастыру деңгейіне үлкен ризашылығын және таңданысын жеткізді. Және де санаторийде демалғанына риза екенін айтты.

«Бурабай» емдеу-сауықтыру кешенінде тек денсаулыққа ғана емес, жан тыныштығына да көңіл бөлінеді, әр демалушының көңіл күйіне жол таба біледі.

Маусым 11, 2025, 9:31 Т.Ж.