«Қазақстанның рәміздері – ел тарихы» атты патриоттық сағат
Жарияланды: Милана
ҚР ДСМ Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ филиалы "Бурабай" емдеу-сауықтыру кешенінің №1 ОБ кітапханасында «Қазақстанның рәміздері – ел тарихы» атты патриоттық сағат өтті.
Демалушылар назарына Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы мемлекеттік рәміздерінің тарихы туралы бейнепрезентациялар ұсынылып, бейне-викторина және ауызша викторина ұйымдастырылды.
Астана қаласынан келген балалар бөлімінің тәрбиеленушілері Түймебай Әли мен Түймебай Әзиза «Ата, әже» және «Отан» әндерін, ал Сейіт Қайсар «Тепен көк» күйін орындады.
«Бурабай» емдеу-сауықтыру кешенінде тек физикалық саулыққа ғана емес, сонымен қатар рухани даму мен зияткерлік демалысқа да ерекше көңіл бөлінеді.

Маусым 5, 2025, 1:12 Т.Қ.