"Санаторлы-курорттық емдеу" атты XI халықаралық конгресі

Жарияланды: Милана

ҚР ДСМ Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ директоры Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрінің алғыс хатымен марапатталды

2025 жылғы 29-30 мамырда Мәскеуде "Санаторлы-курорттық емдеу" атты XI халықаралық конгресі өтті. Бұл іс-шара санаторлы-курорт саласының, ғылыми-академиялық қоғамдастықтың, медициналық ұйымдардың, басқарушы құрылымдардың және курортологияны дамытуға және халықтың денсаулығын нығайтуға мүдделі инвесторлардың өкілдерін біріктірді.

Конгресс жұмысына құрметті қонақ ретінде ҚР ДСМ Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ директоры Саягүл Қайыргелдина қатысты. Ол "Санаторлы-курорттық емдеуді ұйымдастырудағы халықаралық және отандық тәжірибе" секциясының модераторы болып, "Санаторлы-курорттық сала - ұлт денсаулығын сақтаудың негізгі аспектісі" тақырыбында баяндама жасады.

Іс - шараның салтанатты бөлігі аясында Саягүл Қайыргелдина санаторлы-курорттық саланы дамытуға қосқан үлесі үшін Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашконың алғыс хатымен марапатталды.

Бұл қазақстандық санаторлы-курорттық ғылым мен практиканың жоғары деңгейінің маңызды айғағы, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы халықаралық диалогтың маңыздылығын растау болып табылады.

Маусым 3, 2025, 4:10 Т.Қ.