1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күні
Жарияланды: Милана
Жыл сайын 1 маусымда атап өтілетін Халықаралық балаларды қорғау күні қоғамға әр баланың құқықтарын сақтау мен қорғаудың маңыздылығын еске салады. Бұл күн өскелең ұрпақтың толыққанды дамуы, білімі, қауіпсіздігі мен әл-ауқаты үшін жағдай жасау қажеттігін атап көрсетеді.
Мереке 1949 жылы Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясы конгресінің шешімімен құрылды. Қазақстан Балалардың құқықтарын қорғаудың жақтаушысы бола отырып, БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы Конвенциясын қоса алғанда, негізгі халықаралық құжаттарды ратификациялады. Ұлттық деңгейде балалардың мүдделерін қолдауға және қорғауға бағытталған бірқатар бағдарламалар мен бастамалар іске асырылуда.
ҚР ДСМ Курортология урортология және медициналық оңалту ҒЗИ филиалы "Бурабай" емдеу-сауықтыру кешенінде балалар мен жасөспірімдерге арналған оңалту бөлімшесі жұмыс істейді. Мұнда жыл сайын білім беру процесін тоқтатпай, мыңдаған кішкентай пациенттер қалпына келтіріледі.
ҚР ДСМ Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтайды және әрбір балаға денсаулық, қамқорлық, қуаныш және бақытты болашақ тілейді!

Маусым 1, 2025, 7:09 Т.Қ.