78-ші Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы
Жарияланды: Милана
Қазақстандық делегация Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 78-ші сессиясына қатысты
2025 жылғы 19-27 мамыр аралығында Женевада (Швейцария) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 78-ші сессиясы өтті.
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ассамблеясы дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) жоғары басқару органы болып табылады. Сессия жұмысына ДДҰ-ға мүше барлық мемлекеттердің делегациялары қатысады. ДДҰ Атқарушы комитеті дайындаған Денсаулық сақтау саласындағы жаһандық күн тәртібінің негізгі мәселелеріне басты назар аударылады. Ассамблеяның функцияларына Ұйым қызметінің стратегиялық бағыттарын айқындау, бас директорды тағайындау, қаржы саясатын бақылау және бағдарламалық бюджетті бекіту кіреді.
Қазақстан Республикасы ресми делегациясының құрамында Ассамблея жұмысына ҚР ДСМ Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ директоры Саягүл Қайыргелдина қатысты.
Сапар бағдарламасы пленарлық отырыстарға, ресми рәсімдерге, жұмыс кездесулеріне, сондай-ақ әйелдердің денсаулығын сақтау, денсаулық сақтау жүйесінің цифрландыру және кадрлық әлеуеті, сондай-ақ дәстүрлі медицина мәселелеріне арналған тақырыптық іс-шараларға қатысуды қамтиды.
Сессияға қатысу халықаралық қоғамдастыққа курортология және медициналық оңалту саласындағы қазақстандық тәжірибені ұсынуға, сондай-ақ бейінді халықаралық ұйымдармен және сараптамалық қоғамдастықпен ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік берді.


Мамыр 27, 2025, 11:58 Т.Ж.