Қытай делегациясымен жұмыс кездесуі

Жарияланды: Милана

ҚР ДСМ Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ Орталық аппаратында Қытай Халық Республикасынан келген делегация өкілдерімен кездесу өтті.

Делегация құрамына халықаралық медицина сапасы мен қауіпсіздігі академиясының өмір бойы академигі, Пекин университетінің Жаһандық денсаулық сақтауды дамыту институтының аға ғылыми қызметкері, Пекин трансляциялық медицина қоғамының аға сарапшысы Лю Тинфань, «Tianda Group Limited» компаниясының директоры Фан Юнган, Қазақстандағы Қытай кәсіпкерлері қауымдастығының Стратегиялық кеңесшісі Сун Янг. Қытай медицинасы мен фармацевтикасының дүниежүзілік қауымдастығының өкілі Янг Юкси кірді.

Кездесу барысында тараптар курортология және медициналық оңалту саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады, сондай-ақ бірлескен қызметтің басым бағыттарын белгіледі.

ҚР ДСМ Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ озық тәжірибелерді енгізу және Қазақстанда санаторлы-курорттық емдеудің тиімділігін арттыру мақсатында халықаралық әріптестікті кеңейту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.

Мамыр 23, 2025, 10:54 Т.Ж.