"Өнерімді еліме арнаймын" - "Бурабай" ЕСК балалар жазушысы Толымбек Әбдірайыммен кездесу өтті

Жарияланды: Диас

Кітап жылына арналған іс-шаралар аясында ҚР ДСМ Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ филиалы "Бурабай" емдеу-сауықтыру кешенінің балалар мен жасөспірімдерге арналған оңалту бөлімшесінде жас пациенттердің белгілі балалар жазушысы Толымбек Әбдірайыммен шығармашылық кездесуі өтті.

Жылы атмосферада автор балалармен өз өміріндегі оқиғалармен, оның шығармаларының негізінде жазушылық пен шабыт алу жолы туралы айтты. Балалар қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойып, өз әсерлерімен бөлісті.

Кездесу соңында бөлімшенің кітапханасы сыйлық ретінде жазушының кітаптарын алды, олар жас оқырмандар үшін сүйікті оқу болатыны сөзссіз.

Кешеннің Оқу-тәрбие бөлімі ұйымдастырған кездесу балалардың ішкі әлемін байытып қана қоймай, оларды шығармашылыққа шабыттандырды, демек, олардың қабілеттерін одан әрі дамытуға негіз қалады.

Сәуір 24, 2025, 3:56 Т.Қ.