Кітаптар мен фотосуреттердегі «Бурабай» ЕСК тарихы" әдеби кездесуі

Жарияланды: Диас

2025 жылдың 18 сәуірінде демалушылардың бастамасымен "Бурабай" ЕСК-де «Бурабай» ЕСК тарихы кітаптар мен фотосуреттерде» атты әдеби кездесу өтті.

Іс-шара барысында Бурабай курортының қалыптасуы мен жергілікті даму кезеңдерінің қызықты хроникасы ұсынылды.

Мұражай қызметкері Раушан Алпысбаева қонақтарды көркем өлкенің көрікті жерлерімен таныстырды. Салауатты өмір салты бойынша маман Кымбат Сейтқазинова ұйымның қызметі аясында спорттық-сауықтыру туризмін дамыту туралы айтып берді.

Кездесуге қатысушыларға көрсетілген сирек кездесетін мұрағаттық фотоматериалдар мен бейнероликтер ерекше қызығушылық тудырды. Іс-шараның құрметті қонағы Шымкент қаласының белгілі жазушысы Гүлфара Хамитқызы Бегжанова болды, ол кітапхана қорына өзінің "Тағдыр. Тағзым.Таубе" атты кітабын сыйға тартты.

Сәуір 23, 2025, 11:03 Т.Ж.