Кабардино-Балқар Мемлекеттік университетінің өкілдерімен кездесу өтті

Жарияланды: Диас

ҚР ДСМ Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ Орталық аппаратының өкілдері бейне-конференц байланыс арқылы Кабардино-Балқар Мемлекеттік университетінің (ҚБМУ, Ресей Федерациясы) делегациясымен жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесу аясында медициналық оңалту мәселелері, курортологтарды даярлаудың білім беру стандарттары, сервисті цифрландыру және ұйымдастыру, пациенттерге қызмет көрсету стандарттары, оңалту дәрігерлерін оқыту, саланы нормативтік-құқықтық реттеу, сондай-ақ санаторий-курорттық ұйымдарда медициналық жабдықтарды қолданудың тиімділігі талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша меморандумға қол қою шеңберінде ынтымақтастықты дамыту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Сәуір 9, 2025, 10:43 Т.Ж.