7 сәуірде Қазақстан бүкіл әлеммен бірге Дүниежүзілік денсаулық күнін атап өтеді.

Жарияланды: Диас

2025 жылы жаһандық қоғамдастықтың назары аналар мен жаңа туған нәрестелердің денсаулығына бағытталған — өйткені өмірдің берік басталуы бүкіл қоғамның салауатты болашағының негізін қалады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Түркі мемлекеттері елдерінің Саммитіне төрағалық етуі шеңберінде, сондай-ақ осы бастаманы қолдау мақсатында 2025 жылғы 7 сәуірде "Сөзден іске / Walk The Talk / От слов к делу"спорттық акциясы өтті.

Акцияға ҚР ДСМ Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ Орталық аппаратының барлық қызметкерлері қатысып, салауатты өмір салты құндылықтарына деген адалдығын жеке үлгісімен көрсетті.

Сәуір 8, 2025, 10:39 Т.Ж.