Песня о Кокшетау

Көкшетау

 

Көкшетау қандай сұлу жер жанаты,

Ата-бабам қалдырған аманаты.

Қорғаған ашық кеуде, жүрегімен,

Батырлар нағыз елдің азаматы.

 

Көк аспанмен тілдескен «Оқжетпесі»,

Табылмас оған дүниеде бір теңдесі.

Көл өртасын «Жұмбақ тас» алып тұрған,

Секілді бірде кемпір, кейде қыз бейнесі.

 

Қатар өскен Аққайын Қарағаймен,

Секілді жігіт бойдақ сырласқан бойжеткенмен.

Мәңгілік өсіп, өніп жасай бергей,

Толастап ел-ұлт келсін, біз кеткенмен.

 

Ауасы қысы, жазы мәңгі шипа,

Қыз келіншек мұндағы кіл тамаша.

Қош болып сен тұрғайсың Көкшетауым,

Түрленіп қарсы ала бер жылдан жылға.

 

Келе қалсам жол тартып тағы осында,

Жыр төгілер кеудемнен тек асыға.

Өмірдің өткелінен талай өткен,

Көкшетауым уақытқа тек бағынба.

 

Ақтөбелік Марал Шалов