«Бурабай» РОО-да ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

 

 

 

 

 

 

1 желтоқсан – Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ерекше күн. 1991 жылғы қыстың бірінші күні бірінші президенттің бүкілхалықтық сайлауы өтті.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың республика алдындағы сіңірген еңбегін атап өтуге және мойындауға арналған. Осы айтулы күннің құрметіне «Бурабай» РОО басшылығы ұжым мен демалушыларды мерекемен құттықтады.

«Мемлекеттің ерекше мәртебесі оның Көшбасшысының жеке тұлғасымен айқындалатыны мәлім, өзіне жүктелген жауапты тарихи миссияны орындай отырып, өзінің көреген және мақсатты саясатымен еліміздің мемлекеттік тәуелсіздігі мен егемендігін сақтайды және нығайтады. Біздің елімізде тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері, оның әлеуметтік – экономикалық өрлеуі, маңызды халықаралық және аймақтық ұйымдар шеңберіндегі жемісті қызметі және әлемдік ауқымда танылған мемлекеттің беделі біздің Президентіміз, Ұлт Көшбасшысы-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты».