Емделушілер үшін ақпарат

Емделушілердің келесі құқықтары бар:

– емделушілердің жеке өміріне қол сұғылмау құқығын  сақтау негіздінді лайықты медициналық қызметке, қызметкерлер жағынан сыпайы және ілтипатты қарым-қатынасқа;

– олардың денсаулық жағдайы және емделуімен байланысты ақпараттың құпиялылығын сақтауға.

Емделушілердің сонымен қатар осындай құқықтары бар:

– қызмет көрсететін медицина қызметкерінің есімін, мамандануын және лауазымын білуге;

– ауруы бойынша ұсынылған емдеу туралы түсінік алуға, күтілетін пайдасы мен ықтималды тәуекелін қоса алғанда, сондай-ақ басқа да әдістерді қолдану мүмкіндігі туралы ақпаратты білуге;

– жазбаша түрде ресімдей отырып ресми өкілін (сенімді тұлға) уәкілетті тұлғасын тағайындауға, емделушімен келісілген жағдайында, медициналық қызмет көрсетумен келісу немесе бас тартуға;

– медициналық картаның оның көшірмесін қоса алғанда мәліметтерін алуға;

-өз бастамасы бойынша, өз есебінен және өз жауапкершілігімен, медициналық қызметкерлердің келісімі бойынша дәрігер-маманның қосымша қорытындысын алуға;

– емделушінің құқықтары бойынша жауапты қызметкеріне кеңеске жүгінуге.

Емделушілердің және олардың ата-аналарының міндеттері:

– өзінің денсаулық жағдайы және оған қатысы бар құжаттар туралы медициналық қызметкерлерге мүмкіндігінше толық және дәл ақпаратты беруге;

– денсаулық жағдайының кез келген өзгерістері туралы хабарлауға ;

– емдеу барысында медициналық қызметкерлермен ынтымақтасуға;

-емделушінің сенім білдірген тұлғаның (сенім білдірген тұлға 18 жасқа толған/егер емделуші 18 жасқа толмаған жағдайда) емдеу шарттары ретінде келісім немесе жазбаша келісім беруге

– оңалту орталығының ережелеріне сәйкес өзін өзі ұстау: бару сағаттарын және бөлмелер тазалығын  сақтауға, сондай-ақ, тыйым салынған жерлерде ұялы телефонмен қолдануға;

– оңалту орталығының аумағында темекі шекпеуге (бұл ереже заңнамалық тәртіппен бекітілген);
– оңалту орталығының басқа емделушілердің  құқықтарын сақтауға, оларға және олардың мүлкіне құрметпен қарауға;

– медициналық қызметкерлерді құрметтеуге және барлық нұсқауларын орындауға;

– емдеудің үздіксіздігі және бірізділігі үшін қолында үзіндісі туралы құжатымен емхананың емдеуші дәрігеріне белгіленген мерзімде баруға.

Бару сағаттары:

Бару (ата-аналарды қоспағанда) күн сайын сағат 19.00-ге дейін.