«Бурабай» оңалту орталығы туралы

Бурабай деп аталатын өлкеміздің сұлулығы туралы П.А. Драверт, А.П. Успенский, Н.Д. Беклемишев, В.Ф. Семенов, Д.М. Сухов және басқа да белгілі ғалымдар жазған. Қылқанды орманмен жабылған сирек кездесетін таулар және көптеген көгілдір көлдер мен иондармен қанықтырылған ауа бұл өлкеге адамдардың назарын аудартты. Оның сұлулығы туралы С.Сейфуллинмен , Ш.Уалихановпен, М.Жумабаевпен өлеңдер, поэмалар жазылған. Ғалымдар өңір климатының жағымды әсері туралы жазған. 1910 жылы саяжайлар, корпустар салынды және өкпе ауруларымен науқастар емдеуге арналған «Бурабай курорты» ұйымдастырылған.

Қазіргі уақытта “Бурабай” ШЖҚ РМК бронх-өкпе жүйесі патологиясы және ілеспе ауруларды (жүрек-қан тамырлары, тірек-қимыл және орталық жүйке жүйесі) оңалтуға бағытталған  мемлекеттік саясатты іске асыруға орындауды  қатысуда.

“Бурабай” оңалту орталығы, 18 жастан асқан ересектердің, 10 жастан 18 жасқа дейін балалар мен жасөспірімдердің  бронх-өкпе жүйесінің патологиясының кешенді медициналық оңалтуын (қалпына келтіріп емдеу), республикалық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде өткізетін Республикадағы жалғыз мемлекеттік мекеме.

Осының негізгі факторлар болып табылады – тау-климаттық емдікке бай аймақ, кардиологиялық науқастар үшін оттегімен байытылған  “табиғи барокамера”, ми қан айналымы бұзылған неврологиялық науқастар үшін оқшауланған емдік тау орман  жағдайлары, сондай-ақ жасанды толықтырылған көптеген оңалту-қалпына келтіру емдеу процедуралары.

Орталық қалпына келтіріп емдеуді келесіні пайдалана отырып өткізеді: климатотерапия, емдік дене тәрбиесі, қымызбен емдеу, физиотерапиялық емшаралар, галокамералар, фитотерапия, балшықпен емдеу, уқалау;
– дәрі-дәрмектік (патогенетикалық, симптоматикалық) емдеу;

– физикалық емдеу әдістері келесіні қамтитыды: электро емдеу (гальванизация, электрофорез, электротүс, диадинамотерапия, амплипульстерапия, дарсонвализация, ультра жоғары жиілікті терапия, магнитотерапия), сәулемен емдеу (ультракүлгін сәулелендіру, лазерлік сәулелену), ультрадыбыспен емдеу; сумен емдеу, балшықпен емдеу, ингаляциялық терапия (аэрозоль және аэроионотерапия, галотерапия), оттегі терапиясы, фитотерапия), шунгитотерапия;

– емдік дене тәрбиесі, келесіні қамтитыды: емдік гимнастика (жеке және топтық), таңғы гигиеналық гимнастика, дозаланған серуендеу және тауларға міну (терренкур), спорттық ойындар, ағзаның бұзылған функцияларын қалпына келтіру үшін арнайы іріктелген дене жаттығуларының кешені, арнайы тренажерлерды, психотерапияны пайдалана отырып.

– Диетотерапия, қымыз терапиясы.

Осы мақсатқа жету үшін орталықта: ересектер үшін 310 төсек орын және балалар мен жасөспірімдер үшін 100 төсек орынды қамтитын жыл бойы жазылған 3 оңалту бөлімшесі бар. Сауықтыру курсы ересек емделушілер үшін 14 күн,  балалар мен жасөспірімдер үшін 45 күнді құрайды.

Орталықта жұмыс істейді:  

Шағын жинақты орта мектебі,

Кітапхана,

Оқу залы,

Азық-түлік және өнімдік киоскілері,

5 уақыттық тамақтанумен 2 асхана,

150 орынға арналған банкет залы,

150 орынға арналған конференциялар, сессиялар, тренингтер, фестивальдар, турнирлер өткізу үшін мәжіліс залы.

Шипажайда тұру үшін ұсынылады:

1-6 орындық нөмірлер

Отбасылық, стандартты және жақсартылған нөмірлер.

Коттедж.