«Бурабай» РОО қызметкерлерінің туған күндері Біздің қызметкерлеріміздің қуанышты іс-шаралары елеусіз қалмайды. “Бурабай” РОО басшылығы біздің қызметкерлердің туған күндерін назардан тыс қалдырмайды.

Бүгін 27.11. біздің әріптестеріміздің Уалиева Гульнара Кайырлиевна мен Аринова Гульбагила Илюбаевнаның туған күндері

Аринова Гульбагила Илюбаевна, Оңалту орталығында 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап ЕДШ кабинетінің мейірбикесі болып жұмыс істейді.

Жұмыс барысында өзін жақсы жағынан көрсетті. Үлкен жұмыс тәжірибесі бар, өз мамандығы бойынша жақсы практикалық білімі бар, бұл оған табысты жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Ашық, балалармен жақсы тіл табыса алатын, ұйымдастырушылық қабілеті бар. Балаларға мұқият қарайды, айналасындағыларға талап етеді,парасатты, тәртіпті.

“Бурабай”республикалық оңалту орталығының қызметкерлері мен жасөспірімдерінің құрметіне ие.

Уалиева Гульнара Кайырлиевна -мамандығы-кітапханашы.

Оңалту орталығында 1981 жылдан бастап кітапханашы болып жұмыс істейді. Жұмыс істеген жылдары кітапхана ісінің әдістері мен тәсілдерін жетік меңгерген. Ол барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін педагогтарға оқу үдерісін ұйымдастыруда көмек көрсетуге, мектеп оқушыларын, педагогтар мен бөлімше қызметкерлерін қажетті оқу-әдістемелік, анықтамалық және көркем әдебиетпен қамтамасыз етуге, жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыруға бағыттайды. Жыл сайын кітапхана мен бөлімше қызметкерлері үшін мерзімді басылымға жазылуды ұйымдастырады. Бірнеше жыл бойы оңалту орталығының кәсіподақ комитетінің мүшесі болды.  Сыныптан тыс мәдени-көпшілік іс-шараларды: лекциялар, әңгімелер, әдебиеттерді шолулар, кітапханалық сабақтар, викториналар мен конкурстар ұйымдастырады. Мерекелерге және атаулы күндерге орай кітап көрмелерін дайындап, рәсімдейді. Оңалту орталығының жұмысына адал қарау, қоғамдық өмірге белсенді қатысу орталықтың әкімшілігі мен кәсіподақ комитетінің грамоталарымен, “Нұр Отан”партиясының грамотасымен бірнеше рет атап өтілді.  Екі баласы бар: қыз бен ұл.      “Бурабай”республикалық оңалту орталығының қызметкерлері мен жасөспірімдерінің құрметіне ие.