Жаңалықтар

25.01.2024 17:05

ҚР ДСМ Курортология және медициналық оңалту ғылыми-зерттеу институты салауатты өмір салтын қалыптастырудың белсенді жақтаушысы болып табылады.

Институт қызметкерлері түрлі спорттық турнирлерді үнемі ұйымдастырып отырады, бұл денсаулыққа пайдалы әсер етуден басқа, ұжымдық мәдениетті нығайтуға және ұжымда қолайлы атмосфераны құруға көмектеседі.

Осылайша, 2024 жылдың 24 қантарында институтта шаңғы жарысы өтті. Қатысушылар, институттың барлық бөлімшелерінің өкілдері 4000 метр қашықтықта бақтарын сынады.

Жарыс қорытындысы бойынша ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Әбизар Арайлы бірінші орынды, электрмонтері Николай Серіков екінші орынды, маркетинг бөлімінің маманы Дәурен Қайыров үшінші орынды иеленді. Жеңімпаздар кубок, медальдар және мақтау қағаздарымен марапатталды.

Жеңімпаздардан бөлек медбикелер Жазерке Орақова, Айжан Дүйсенова, ЛФК нұсқаушысы Гүлбағила Аринова, стратегиялық даму және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі Дамир Абдрахманов мадақтау грамоталарымен марапатталды.

Осындай іс-шаралар ұжымды біріктіруге және қызметкерлер арасында белсенді өмір салтын қолдауға ықпал етіп, олардың денсаулығы мен жұмыс өнімділігіне оң әсерін тигізеді.

ҚР ДСМ Курортология және медициналық оңалту ғылыми-зерттеу институты халық денсаулығын сақтау бойынша өз қызметін жалғастыруда.

ҚР ДСМ Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ баспасөз қызметі

 

17.01.2024 09:56

2024 жылы ҚР ДСМ курортология және медициналық оңалту ҒЗИ 15 балалар ауысымын өткізу жоспарлануда, оған 1740 балалар мен жасөспірімдер қатыса алады. Институт ғылыми мамандарының зерттеулеу жұмыстарының нәтижесінде балаларды оңалту курсының ұзақтығы 45 күннен 21 күнге қысқарды. Бұл өткен жылғы 9 ауысыммен салыстырғанда, емдеу мен оңалтуды қажет ететін бронх-өкпе патологиясы бар балаларды қамтуды екі есеге арттыруға мүмкіндік береді.

Әр аусымның өз атауы бар және ол жеке сауықтыру-білім беру бағдарламасы бойынша өтеді. Бұл бағдарламалардың мақсаты – балаларға оңалту курсын денсаулық пен даму үшін пайдалы өткізуге көмектесу. Бағдарламалар аясында балалар санаторий-курорттық ем алып қана қоймай, жаңа бір нәрсені үйренеді, спортпен шұғылданады, өздерінің шығармашылық қабілеттері мен көшбасшылық қасиеттерін дамытады.

Мысалы, «Ертегілер әлемінде» деген атаумен басталған жаңа жылдың бірінші ауысымы медициналық оңалту мен емделуді қажет ететін жас науқастарға арналған. Ауысымға қатысушы балалардың әр күні жарқын эмоцияларға толы, бұл олардың денсаулықтарын физикалық қалпына келтіріп қана қоймай, сонымен қатар жас науқастардың психологиялық әл-ауқатына қажетті жағымды эмоционалды әсерді тудырады.

Сондай-ақ, бұл институтта күнделікті тәжірибеде қалыптасқан, шығармашылық бастамалардың балаларды емдеу және денсаулығын қалпына келтіру үдерісіне оң әсер ететіндігінің мысалы.

Биылғы басқа балалар ауысымының атаулары: «Білімге құштар», «Көктем жұлдыздары», «Наурыз мейрамы», «Бірлікте жаркыраймыз», «Спорт және мәдениет», «Қош келдің, жайдары жаз!», «Инновацияның бастауы», «Жұлдызды калейдоскоп», «Оқұға құштар», «Шығармашылық шоқжұлдызы», «Достар әлемінде», «Батылдықтың бастамасы» және «Тәуелсіз Қазақстанның балалары».

Әрбір ауысым атауының шығармашылық бағыты бар, бұл институттың шығармашылық бастамалары балалардың емделуіне және денсаулығын қалпына келтіру процесіне оң әсер тигізетінің дәлелі.

Осылайша, балалар ауысым барысында уақыттарын пайдалы және тиімді өткізе отырып, үйлеріне денсаулықтарын ғана түзеп қоймай, сонымен қатар көптеген жағымды эмоциялармен оралады.

ҚР ДСМ курортология және медициналық оңаулыту ҒЗИ халықтың денсаулығын сақтаудағы өз ісін жалғастыруда.

ҚР ДСМ курортология және медициналық оңаулыту ҒЗИ
Баспасөз қызметі

13.12.2023 17:36
ҚР ДСМ КУРОРТОЛОГИЯ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҢАЛТУ ҒЗИ-да ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ
2023 жылдың 13 желтоқсанында ҚР ДСМ курортология және медициналық оңалту ҒЗИ-да қызметкерлерге өрт қауіпсіздігі нұсқауларын зерделеу бойынша семинар өткізілді. Дәрісті Азаматтық қорғаныс подполковнигі, Ақмола облысы Бурабай ауданының төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы – Ерлан Құсайынов жүргізді.
Іс-шараға қатысушылар төтенше жағдайлар кезінде, атап айтқанда, өрт кезінде шұғыл шаралар қабылдау, тұрғындарды эвакуациялау, сондай-ақ алғашқы өрт сөндіру құралдарын дұрыс және тиімді пайдалану және т.б.сұрақтарды талқылады.
«Біздің басты мақсатымыз – науқастардың  денсаулығын қалпына келтіруін қамтамасыз ету. Біздің барлық әрекеттеріміз барынша жайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған», – деп атап өтті институттың еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженері Азамат Мырзахметов.
ҚР ДСМ курортология және медициналық оңалту ғылыми-зерттеу институты халық денсаулығын сақтау бойынша өз қызметін жалғастыруда.
ҚР ДСМ курортология және медициналық оңалту ҒЗИ
баспасөз қызметі
06.12.2023 10:43
Сіздерді Жаңа жылды бізбен бірге қарсы алуға шақырамыз! «Бурабай» санаторийі – отбасылық демалысқа, достармен кездесуге және корпоративтік іс-шараларға тамаша орын.
🎄 Сіздерді жаңа жылдық жарқын шоу-бағдарлама, көптеген қызықтар мен позитивті сәттер күтуде! 🌟
Жаңа жыл мерекесіне қатысу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз! Қатысуыңызға қазірден тапсырыс беріңіз, орындар шектеулі! 🎁
Жаңа жыл қарсаңында өзіңізге және жақындарыңызға ұмытылмас сәттер сыйлаңыз. Сіздердің әрқайсысыңызбен кездесуді асыға күтеміз! Брондау бөлімі – +7 778 157 1407