6 қарашада Бурабай ауданына Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын түсіндіру бойынша облыстық ақпараттық топ мүшелері — Ақмола облысы туризм басқармасының басшысы Данияр Идиятов және облыстық мәслихаттың депутаты Павел Безвербный келді.

Ақпараттық топ мүшелері бизнес қауымдастық өкілдерімен Бурабай кентінің С. Сейфуллин атындағы мектебінде кездесу өткізді. Кездесу барысында Президенттің ” Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” атты Жолдауы аясында шағын және орта бизнесті қолдау мәселелері қозғалды. «Бурабай» РОО осы кездесуге қатысты.


Жарияланды: 28.11.201811:41

Автор: