21.02.2024 08:59
2024 жылдың 6 ақпанында ҚР ДСМ курортология және медициналық оңалту ҒЗИ-да медициналық оңалту мен емдеуді қажет ететін жас науқастарға арналған «Білімге құштар» атты жаңа ауысымның ашылу шарасы өтті.
Ауысым балалардың денсаулығы мен әлеуметтік бейімделуіне арналған институттың кешенді бағдарламасының бөлігі болып табылады.
Іс-шара институт әкімшілігінің құттықтау сөздерімен, сәттілік және тезірек сауығып кетуін тілеумен басталды. Содан кейін балалар мен қонақтарға сауықтыру орталығының қызметкерлері дайындаған түрлі концерттік қойылымдар ұсынылды.
Қызықты қойылымдарға балалармен бірге ұстаздар мен тәрбиешілер де белсене қатысып, жылы шырай танытты.
«Білімге құштар» ауысымының ашылуы қызықты және танымдық іс-шаралар тізбегін бастап, жас емделушілердің өміріндегі маңызды оқиға болды.
ҚР ДСМ курортология және медициналық оңаулыту ҒЗИ халықтың денсаулығын сақтаудағы өз ісін жалғастыруда.
ҚР ДСМ курортология және медициналық оңаулыту ҒЗИ
Баспасөз қызметі
21.02.2024 08:56
«Бурабай» шипажайында демалу – бұл:
🌲Табиғатпен бірігу – қылқан жапырақты орманның атмосферасы, таза ауа мен көркем көлдер.
🎉Қызықты күнделікті бағдарлама – түрлі демалыс шаралары, экскурсиялар және күніне бес мезгіл пайдалы тамақтану демалысыңызды пайдалы әрі есте қаларлық етеді.
🌞‍️Сауықтыру емдерінің кең спектрі:
📍 Климатотерапия: қарағай ауасы мен күннің емдік қасиеттерін қолдану.
📍 Терапиялық жаттығулар: денеңізді қалпына келтіру және нығайту.
📍 Қымызбен емдеу: Иммундық жүйені нығайту және қымыз арқылы асқазан-ішек ауруларын емдеу.
📍 Фитотерапия: Дәрілік шөптердің көмегімен табиғи емдеу.
📍 Бальнеотерапия (балшықпен емдеу): Буын ауруын және басқа ауруларды жеңілдету.
📍 Гидротерапия: денсаулығыңыз бен сұлулығыңыз үшін әртүрлі душ түрлері.
📍 Озокеритотерапия: Озокериттің жылулық және емдік қасиеттерімен емдеу.
📍 Физиотерапиялық процедуралар: Әр демалушы үшін процедураларды жеке таңдау.
📍 Галокамера: Тыныс алу жүйесінің ауруларын емдеу және алдын алу.
📍 Оттегі коктейлі: Иммундық жүйені нығайтады және өміршеңдігін арттырады.
📍 Массаж: релаксация, стрессті жеңілдету және жалпы әл-ауқат.
Бізбен бірге денсаулығынызды нығайтыныз.
Бурабай – жанға жайлы мекен!